Жүгіру жолы
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Манашы" бөбекжайы" ЖБҚ МКҚК
Маңғыстау облысының білім басқармасының бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің

•    Бала құқығы туралы конвенцияда балалардың кім екендігі түсіндіріледі, сондай-ақ олардың барлық құқықтары мен үкіметтің міндеттемелері тізіліп көрсетіледі. Барлық құқықтар өзара байланысты, олардың бәрі бірдей маңызды және оларды балалардан бөлек қарастыру мүмкін емес.
•    Кемсітушілікті болдырмау
Әрбір бала нәсіліне, түр түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, баланың денсаулығының және туылуының жай-күйіне немесе өзге де жағдайларына қарамастан барлық құқыққа бірдей ие. Бірде-бір бала әділетсіздікке ұшырамауы керек. Бұған ешқандай себеп жоқ.
•    Әрбір баланың жеке өмірге құқығы бар. Заң балалардың жеке және отбасылық өміріне, үйіне, қарым-қатынасы мен беделіне (немесе жақсы атына) кез-келген заңсыз қол сұғудан қорғауы керек.
•    Ата-ананың жауапкершілігі
Баланың тәрбиесі үшін негізгі жауапкершілік ата-аналардың мойнына жүктеледі. Егер баланың ата-анасы болмаған жағдайда, бұл жауапкершілік «қамқоршы» деп аталатын басқа ересек адамға жүктеледі. Ата-аналар мен қамқоршылар әрдайым баланың мүддесі үшін әрекет етуі тиіс. Үкіметтер оларға көмектесуі керек. Егер баланың екі ата-анасы бар болса, онда баланың тәрбиесіне екеуі бірдей жауапты.